«Отандастар Қоры» КЕАҚ қызметкерлерінің Ресей Федерациясына жасаған іссапары

16 Қазан, 2019

2019 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында «Отандастар Қоры» КЕАҚ қызметкерлері С. Жаркенова, Ж. Умербаева, Г. Нурбаева  Ресей Федерациясында отандастарды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу мақсатында Мәскеу қаласына іссапармен барып қайтты.

Іссапар барысында  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество), Шетелде тұратын отандастарды қолдау және құқығын қорғау Қоры, Ресей мигрантарының Федерациясы, Үкімет жанындағы Шетелдегі отандастармен гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастық орталығы - Отандастардың Мәскеу үйінің және басқа да Ресей Федерациясындағы отандастарды мемлекеттік қолдау бағытында қызмет атқаратын ұйымдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Басқосуларға диаспораларды қолдаудың әртүрлі түрлері мен нысандарының халықаралық тәжірибесі, мемлекеттік және басқа да бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастардың елге оралуы, қоныс аудару (репатриация), елге бейімделуге көмек көрсету және диаспораның мәселелері бойынша Ресей Федерациясының атқарып жатқан шаралары арқау болды.

Іссапар нәтижесінде атқарылған шаралар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді:

1) екіжақты ынтымақтастық мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ мен төмендегі ресейлік ұйымдар арасында меморандумдар жасасу:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, шетелде тұратын отандастар істері және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Федералдық Агенттігі (Ресей ынтымақтастығы);

- Шетелде тұратын отандастардың құқықтарын қолдау және қорғау Қоры;

- Шетелдегі отандастармен гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастық орталығы - Мәскеу қаласы Үкіметі жанындағы отандастардың Мәскеу үйі .

2) «Отандастар қоры» КЕАҚ қызметкерлерінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, шетелде тұратын отандастарда және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық істері жөніндегі Федералдық Агенттігінде (Россотрудничество) тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру.

3) Шет елдердегі отандастармен жұмыс істеу тәжірибесіне баса назар аудару, өйткені жоғарыда аталған ұйымдар шетелде отандастармен жұмыс жасаудың барлық спектрін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар әлемнің көптеген елдерінде Ресей мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін сақтау және дамыту мақсатында өзара байланысты жұмыстың өзге де түрлерін қатар жүргізеді.

4) «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу кезінде шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі Ресей тәжірибесін ескеру.

5) «2020-2030 жылдарға арналған шетелдердегі қазақтарды қолдау және Қазақстанға ерікті қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасын әзірлеу кезінде Ресей тәжірибесін ескеру:

- шетелде тұратын отандастардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету бойынша;

- ел өңірлерін дамыту қажеттіліктерімен шетелде тұратын отандастардың әлеуетін біріктіру мүмкіндіктерін пайдалану;

- ел халқының санын, бірінші кезекте мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар аумақтарда тұрақтандыруға бағытталған шаралар жүйесін айқындау.

6) «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Федералдық заңға енгізілген РФ заңнамасындағы жаңалықтарды назарға алу, атап айтқанда ТМД елдерінен көшіп-келушілер мерзімі шектеусіз РФ-да тұруға рұқсат алу (ықтияр хат) мүмкіндігіне ие, жоғары білім беру бағдарламаларының түлектері РФ-ға тұрақты негізде жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

 

«Отандастар Қоры» КЕАҚ қызметкерлерінің Ресей Федерациясына жасаған іссапары