ҚҰРМЕТТІ ҚАНДАС ТАЛАПКЕРЛЕР!

17 Наурыз, 2021

Мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында Қытайда толық орта мектепті аяқтаған не ағымдағы жылы оқып жатқан талапкерге шақырту жіберуге Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары дайын екенін хабарлаймыз.
 
Қытайдан оқуға келетін қандастарымыз шқырумен келгені дұрыс.  Себебі құжат  алғанда саяхат жасап бару,  туысқа бару деген паспорттармен келсе,  оқуға түскен соң Қытай консулдығына барып паспортын ауыстыру  мәселесі туындауы мүмкін.

Ешқандай делдалсыз,  ақысыз университеттен тегін шақыру алуға барлық қандастарымыздың мүмкіндігі бар. Алайда шақырту қағазы сіздің грантқа түсуіңізге кепіл бола алмайтынын ескертеміз.

Өзіңіз туралы қажетті ақпаратты жазып oq-bilim@mail.ru поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

Қажетті ақпараттар:
Аты-жөніңіз
Туған жеріңіз
Таңдаған оқу орныңыз
Байланыс нөміріңіз.
ҚХР азаматтық куәлігінің (екі жағының)  фотосы.
Осы және басқа да сауалдар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
1404 - мобильді және қалалық телефоннан;
8 800 080 14 04 (әмбебап);
8 7172 98 14 04 (шетедден қоңырау қабылдау үшін);
8 701 000 14 04.

ҚҰРМЕТТІ ҚАНДАС ТАЛАПКЕРЛЕР!