97 жастағы Байәлі Стамқұловтың құжатын рәсімдеу қолға алынды

20 Наурыз, 2021

Биылғы жылдың ақпан айында «Отандастар Қоры» КеАҚ тарапынан Өзбекстан Республикасының Ташкент облысынан Нұр-Сұлтан қаласына 2019 жылы қоныс аударған қандасымыз, Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жастағы Байәлі Стамқұловтың құжатын рәсімдей алмай жүргендігі анықталды.

Осыған байланысты Қоғамның қызметкерлері ардагердің баласы Асқар Стамқұловқа хабарласып, барлық мән-жайды зерделеді.

Қазіргі таңда, соғыс ардагеріне азаматтық алу бойынша құжаттандыру жұмыстары тиісті органдармен бірлесіп жүргізілуде.

Бүгін Қоғамның қызметкерлері аталған ардагердің үйіне болып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

97 жастағы Байәлі Стамқұловтың құжатын рәсімдеу қолға алынды