БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

15 Қазан, 2019

«Отандастар Қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығы делегациясы Нью-Йорк қаласында Әзірбайжан Республикасы және Түркі кеңесі Диаспорасымен мемлекеттік комитетінің ұйымдастыруымен, түркітілдес диаспоралар арасында кезекті дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Г.Гозалов, «Отандастар Қоры» КЕАҚ Бірінші вице-президенті Т.Адуов, Әзірбайжан Республикасының Диаспорасымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары В.Гаджиев, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Б.Ибрагимжанов, Қазақстан Республикасының Бас консулы Ж.Абдрашов, Түрік Республикасының Бас консулы А.Ақташ және диаспораның орталық мекемелерінің басқа да лауазымды тұлғалары мен АҚШ-та тұратын Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің диаспораларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Г.Гозалов қатысушыларға Түрік кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы диаспоралардың ынтымақтастығы туралы хабардар етіп, 2019-2020 жылдары іске асырылуы тиіс шаралар жайында есеп берумен қатар Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер диаспорасы орталық мекемелерінің лауазымды тұлғалары шетелде тұратын өз диаспораларымен жұмыс туралы баяндама жасалды.

Отырыстың екінші жартысында АҚШ-та тұратын Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің диаспоралары өкілдері өз қызметі туралы баяндап, тұрақты ынтымақтастықты нығайту және өзара үйлестіру жолдарын талқылады.

Кездесу соңында тараптар үйлестірілген, кешенді және тұрақты іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында олардың орталық диаспора мекемелері мен диаспоралар өкілдері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Сондай-ақ, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер диаспорасының орталық мекемелері түркітілдес диаспора жастары үшін бірлескен мәдени, білім беру және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға өзара келісті.

Отырыс Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін жағдайды жақсартуға бағытталып достық және сындарлы жағдайда өтті.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелге қатысушылар белгілі әзірбайжан ақыны және Түркі мистикалық ақындарының бірі Имадедин Насимидің 650 жылдығына арналған Миллс театрына концертке шақырылды.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ