Ұлыбританиядағы қазақ диаспора өкілдерімен бейресми кездесу өтті.

27 Қыркүйек, 2019

Қазақ қауымдастығының төрағасы Абдусалам Саваш пен бұрынғы төраға Исмаил Кессиджимен Ұлыбританиядағы қазақ мәселелері қарастырылды. Өзекті мәселе ретінде қазақ тілінің дәріптелуін атап өтті. Алдағы уақытта қордың тарапынан қазақ тілін үйрететін онлайн сабақтар мен қазақ тілі мұғалімдерін жіберу қарастырылады. Сондай-ақ ата-аналарға балаларының қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі бар екені туралы хабардар еттік.

Ұлыбританиядағы қазақ диаспора өкілдерімен бейресми кездесу өтті.