Бизнесті қолдаудың ағылшындық үлгісі.

27 Қыркүйек, 2019

Қордың бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті ағылшындық әріптесі British Expertise компаниясымен кездесу өткізді. Кездесуде компания Ұлыбритания резиденттерінің шетелдегі бизнесін қолдау бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Бас менеджер Александр Барнест қор делегациясы үшін арнайы таныстырылым жасады.  Бүгінде тәуелсіз ұйым ретінде бизнес субъектілеріне көмек көрсететін British Expertise британдық үкіметтің қолдауымен құрылған. Компания қызметкерлері мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз байланыс орнатып, жаңа серіктестерді табады. Нәтижесі сол, қазір олар әлемнің 110 елімен жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге жаңа нарықтарды игеруге көмектеседі. Сондай-ақ бағасы 10-15 мың фунттық консалтингтік қызметтерді ұсынады. Алдағы уақытта департамент ағылшындық әріптестерінің тәжірибесін өз бастамаларында қолданатын болады.

Бизнесті қолдаудың ағылшындық үлгісі.