Шетелдегі студенттердің де шәкіртақысы сақталады

12 Қараша, 2020

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алып жатқан қандас студенттермен онлайн форматта кездесу өтті.

Онда көршілес Өзбекстан елінен келіп, білім алып жатқан қандастарымыздың басым бөлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан университетінде білім алады. Осы орайда негізгі екі мәселе талқыланды.

Біріншісі, Өзбекстандағы интернет жылдамдығының нашар болуынан көп студент сабаққа қатыса алмай отыр. Екіншісі, құжаттарын онлайн тапсырып, оқуға түскен шетелдік студенттердің шәкіртақысын алу мәселесі. Бұл қазір еліміздегі басқа университеттерге де қатысты түйткіл.

Аталған жиын барысында он­лайн сабаққа қосыла алмаған жағдайда университет тарапы барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, әлеуметтік желілер арқылы тапсырмаларды жіберіп, жағдайды реттейтінін айтты.

Үшінші мәселе – студенттердің өзі шекара асып келмейінше, оларға банктен есепшот ашу мүмкін емес. Сондықтан студент­тердің шәкіртақылары толық сақталып, Қазақстанға оралған кезде есепшот ашып, шәкіртақысын толық көлемде ала алатыны белгілі болды.

Шетелдегі студенттердің де шәкіртақысы сақталады