Құрметті отандастар!

10 Қыркүйек, 2019

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылы 11 қыркүйекте Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен өңірлік бизнес-форум өткізеді.

Іс-шара аясында отандастарымызбен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі бауырларымызды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру талқыланады.

Сонымен қатар:

1.    Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы;

2.    Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету туралы талқылау өтеді.

Мекен-жайы:Wyndham Tashkentқонақ үйі, «Silk Road» залы (Amir Temur Str. C4 №. 7/8 Tashkent, Uzbekistan),

Іс-шараның басталу уақыты: сағ.18:30

Өзбекстандағы кәсіпкер қандастарымызды, осынау келелі істің қасынан табылуға шақырамыз!

Тіркелу және толық ақпаратты+7 701 000 1404WhatsApp немесе Telegram нөмірі,komek@oq.gov.kzэлектрондық пошта немесе Skype арқылы алуға болады.

Құрметті отандастар!