Қандастарға Назарбаев университеті ұсынған «Абай Құнанбайұлы» гранты беріледі

27 Қазан, 2020

Бүгін «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен «Абай Құнанбайұлы» грантын иеленген талапкерлермен онлайн кездесу өткізілді.

Биылдан бастап «Абай Құнанбайұлы» гранты қандастарымызға арнайы жеке категория болып тағайындалды.

Талапкерлерді іріктеу кезеңіне 56 қандасымыз қатысып, олардың 13-і грант иегері атанды. Атажұртта білім алу мүмкіндігіне Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Канада, АҚШ елдерінен қатысқан үміткерлер ие болды. Грант иегерлеріне шәкіртақы, медициналық сақтандыру, оқу ақысы төленеді. «Абай Құнанбайұлы» гранты бойынша оқуға бакалавр және магистратураға тапсыруға болады.  

Онлайн кездесуге Назарбаев Университетi Кабылдау департаментiнiң аға менеджерi Лаура Палуанова, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрайымы Қарлығаш Қожамұратова, «Отандастар қорының» жобалар координаторы Дидар Болат, қордың Білім бағытының жауапты қызметкері, Білім және ғылым министрлігінің Республикалық білім гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі Нұрымжан Жұмағазиев  және «Абай Құнанбайұлы» грантының иегерлері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.   

 

Қандастарға Назарбаев университеті ұсынған «Абай Құнанбайұлы» гранты беріледі