Тúrkistan газеті әлем қазақтарымен жүздесті

23 Қазан, 2020

«Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Тúrkistan халықаралық газеті бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастармен «Túrkіstan қандастарға төрін ұсынады» атты онлайн жүздесуі өтті.

Zoom платфомасында өткен шараға Қазақстан Сыртқы істер минстрлігі Консульдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс істеу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасының орынбасары Еркін Үйсінбаев, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеу халықаралық Тúrkistan газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай және әлемнің оннан астам елінен қандастарымыз қатысты. Онлайн жүздесу барысында алыстағы ағайынмен рухани-мәдени һәм ақпараттық байланыс орнату мәселесі талқыланып, Тúrkistan газетінің қандастарға арналған Atajurt жобасы таныстырылды. Сонымен қатар, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз ұсыныс пікірлерін айтты.

Тúrkistan газеті әлем қазақтарымен жүздесті