Томск Думасының жаңа спикері болып Шыңғыс Ақатаев сайланды

06 Қазан, 2020

Сейсенбі, 6 қазанда Томск Думасында жаңа депутаттар құрамының алғашқы ресми жиналысы өтеді. Күн тәртібінде қалалық парламенттің жаңа төрағасы мен төрағаның орынбасарын сайлау мәселесі қаралды.

Төраға лауазымына төрт кандидат үміткер еді. Олар - депутаттар Юрий Ворошилин, Ксения Фадеева, Шыңғыс Ақатаев, Василий Еремин. Қалалық Думадағы депутаттар саны — 37.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде 37 депутаттың дауыстары келесідей бөлінді:

Юрий Ворошилин-2
Ксения Фадеева-15
Шыңғыс Ақатаев-20
Василий Еремин-0

Осылайша Шыңғыс Ақатаев Томск Думасының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Думаның есеп комиссиясы.

"Менің кандидатурама дауыс бергендерге алғыс айтқым келеді. <...> Қала дегеніміз - үлкен әлеуметтік және қоғамдық, экономикалық механизм, онда адамдардың мәселесі көп болады, сондықтан олар бізден нақты шешім күтеді. Біздің міндет - Томск әкімшілігімен бірге қала тұрғындарының өмірін жақсарту. Мен төраға дегенді үйлестіруші әрі өзара іс-әрекет етуші деп білемін. Бес жылдан кейін 37 депутаттың барлығы біз көп нәрсе тындырдық және өз жұмысымыз үшін ұялмаймыз деп айта алатынын қалаймын", — деді Ақатаев.

Естеріңізге сала кетейік, Шыңғыс Ақатаев бұрын губернатордың әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары болған (2012-2017), сайлауға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

90-шы жылдардың басынан бастап Ақатаев (жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін) Томск облысының банк жүйесінде жұмыс істеді. Маркетинг жөніндегі маманнан филиал басқарушысы, "Мәскеу қайта құру және даму банкі" ААҚ вице-президентіне дейінгі жолдан өтті. Мемлекеттік Думаның III шақырылымының, сондай-ақ облыстық Думаның IV және V шақырылымдарының депутаты болды.

Дереккөз: https://news.vtomske.ru/news/178533-novym-spikerom-dumy-tomska-izbran-chingis-akataev

Томск Думасының жаңа спикері болып Шыңғыс Ақатаев сайланды