Таныс болыңыз: Айдос Жұқанұлы

02 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» дүниежүзінің әр еліне тарыдай шашырап, кейін атажұртты аңсап Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз туралы арнайы «Таныс болыңыз» жобасын бастаған еді. Сол жобаның жалғасы ретінде таныс болыңыздар – журналист Айдос Жұқанұлы.

Айдос Жұқанұлы 1977 жылы 10 қазанда Моңғоляның Баян Өлгей аймағында дүниеге келген. 1992 жылы Атамекенге көшіп келді. Тұрақтаған жері – Шығыс Қазақстан облысы. Отбасылы, 4 баласы бар.

Қазақстан Ұлттық университетінің журналист мамандығын тәмамдаған.
«Қазақстан» ҰТА (Өскемен, Алматы қалалары), «Хабар» агенттігі (Алматы қ.), «Көркем фильм» кинокомпанияларында жұмыс атқарған.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының «QAZAQSTAN» РТРК  Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс бөлімінің басшысы.

Режиссерлік, сценарий жазу, дубляж жасау, редакторлық, актерлік еңбек өтілі: «ДОСТАР» жастарға арналған телехикая, «СЫРҒАЛЫМ» 80 бөлімнен тұратын мелодрамалық телехикая, «ҚЫЗДАР» жастарға арналған телехикая, «ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА», «АСЛАННЫҢ САБАҚТАРЫ» және т.б. фильмдер.

Таныс болыңыз: Айдос Жұқанұлы