Құрметті отандастар, қадірлі қандастар!

04 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын этникалық қазақтармен байланысты одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылы 5-ші қазан сағат 15:00-де Өзбекстанда тұратын қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн видеоконференция ұйымдастырады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

• Әлемдік пандемия кезіндегі Өзбекстанда тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;

• Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Өзбекстандағы қандастармен бірлесе атқарған жобалары;

• ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары.

Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Осыған байланысты Өзбекстанда тұратын барша қандастарды осы шараға қатысуға шақырамыз!

Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.

Құрметті отандастар, қадірлі қандастар!