«Отандастар қоры» мен «Ұлттық аударма бюросы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29 Қыркүйек, 2020

«Отандастар қоры» КеАҚ пен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш Меморандумның мақсаты - этникалық қазақтарға, сондай-ақ шетелде тұратын қандастарға мәдениет, іскерлік, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) саласында қолдауды қамтамасыз ету.

Осылайша енді «Отандастар қорының» кітапханасын толықтыру мақсатында баспадан жарық көрген энциклопедиялык анықтамалықтар, аудармалар, әдеби кітаптарды қайтарымсыз қолдануға өткізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ екі ұйым арасындағы ынтымақтастық аясында қазіргі заманғы қазақ тіліндегі көркем және ғылыми әдебиет жинақтарын аударып, басып шығару және оны насихаттау бойынша бірлесе жұмыс істеу, қазақ қолданбалы өнерін дамыту мен ілгерілету жолындағы қолдауды қамтамасыз ету, қандастарға арналған әлеуметтік қызметтер арқылы білім беру іс-шараларын өткізуге қолдау көрсету, шет тілдерінен аудармалар жасау қарастырылған.

«Отандастар қоры» мен «Ұлттық аударма бюросы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды