Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтті

27 Қыркүйек, 2020

«Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт ұсынды.

Қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету және шетелдегі қандастармен байланысты нығайту мақсатында өткен концертті Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп ұйымдастырған еді. Бұл жоба 2019 жылдан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді.  

Тікелей эфирде өткен онлайн концертте дәстүрлі ән-күй өнерінің белгілі саңлақтары өнер көрсетті. Онлайн концерт «Отандастар қоры» КЕАҚ Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіліп, қазіргі таңда баршаға қолжетімді. Концертті көру үшін мына сілтеме арқылы өту қажет: https://youtu.be/CmAi2HFhSo4

Онлайн форматында ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс өнер көрсетті. Әртістер көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындады.

Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтті