САН-ФРАНЦИСКО ҚАЛАСЫНДА АҚШ-ТА ТҰРАТЫН ОТАНДАСТАРМЕН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

29 Тамыз, 2019


Шараны «Отандастар» қоры мен ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйымдастырды.

Форумға «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі, «QazAngels» венчурлық қор директоры Руслан Рақымбай, «ABC-I2BF Seed Fund» инновациялық стартаптарды жетілдіру бойынша венчурлық қор басшысы Әнуар Сейфуллин, «Happycake Global» компаниясының негізін қалаушы және директоры Асхат Солтанов және АҚШ-ғы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Олар өзара іс-қимылдың, бизнес-бастамаларды ынталандыру мен стартаптарды қолдау тетіктерін жан жақты талқылады. Отандастар Президентінің кеңесшісі Болат Дидар іс-шара барысында форумға қатысушыларды Қор қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ мекеменің негізгі жобаларының бірі - қазақ мәдени іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтардың әлем бойынша желісін құру жөніндегі жоспармен таныстырды. Президент кеңесшісі форум соңында АҚШ-та тұратын отандастарды Қордың қазақ үйінің іскерлік үйі мен мәдени орталығы өкілдерін анықтауына белсенді қатысуға, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды.

АҚШ-тағы бизнес-форум, маусым және шілде айында Мюнхен мен Стамбұл қаласында өткен форумнан кейінгі үшінші бизнес-форум. Әр елде тұратын отандастармен осындай 8 кездесу (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркия және Ресей) жоспарланған, келесі Бизнес-форумдар 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Пекин қаласы (ҚХР), 10-12 қыркүйегінде Ташкент қаласы (Өзбекстан), 12-14 қыркүйегінде Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтеді.



САН-ФРАНЦИСКО ҚАЛАСЫНДА АҚШ-ТА ТҰРАТЫН ОТАНДАСТАРМЕН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ