«Отандастар қоры» Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен онлайн-форум ұйымдастырды

17 Қыркүйек, 2020

«Отандастар қоры» Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн видеоконференция ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Жалғас Балғожин және «KazakhInvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Есенов, сондай-ақ «KazakhInvest» ҰК» АҚ-ның Түркиядағы өкілі Нұрлан Ахметов қатысып, Түркияда тұратын қандастармен үлкен диалог алаңы құрылды.

Шетелдегі қандастармен байланыс орнатқан онлайн кездесу барсында Түркиядағы қазақтардың мәселесі талқыланып, бизнес саласындағы жобалары мен жоспарлар айтылып, екі ел арасында өзара ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, іс-шара нәтижесінде «KazakhInvest» ҰК» АҚ-ның Түркиядағы өкілі Нұрлан Ахметовпен Қазақстанға инвестиция тарту сұрақтары бойынша Стамбул қаласынан Ерол Йолчы, Ертолқын Гайратулла және Анталия қаласынан Ақмарал Габдиева Түркияда тұратын ірі кәсіпкерлерді байланыстыру жұмыстарын іске асыратын болады. Сонымен қатар, Ертолқын Гайратулла мырзаның Стамбул және Анкара қалаларында  «Қазақтардың мәдени-іскерлік орталығын» ашу туралы ұсынысы қолдау тауып, жиынның хаттамасын негізінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне хат жолданатын болады.

«Отандастар қорының» Қазақстан Республикасындағы бизнесті қолдау бағытында жұмыс атқаратын барлық операторлармен байланыс орнатқанын және елімізге келіп кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін қандастарға бизнесті қолдау тетіктерін ұйымдастыру үшін дәнекер болуға дайын», - деді жиын барысында Қандастарды қолдау департаментінің өкілі Анас Ахатұлы.

«Отандастар қоры» Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен онлайн-форум ұйымдастырды