«Карантиндік шектеулерге байланысты берілетін әлеуметтік төлемді алу шарттары» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды

23 Шілде, 2020

«Отандастар қоры» 2020 жылдың 23-шілдесінде карантиндік шектеулерге байланысты табысынан айырылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыны алу жолдарын қандастарымызға нақтылап түсіндіру мақсатында онлайн видеоконференция өткізді.

Іс-шараға Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының үйлестірушісі Болат Зауыт, облыстардағы Қоғамның фронт-офис өкілдері және де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов қатысты.

Жиын барысында Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының үйлестірушісі Болат Зауыт «Елімізде таралып жатқан індеттің қандастарымыздың әлеуметтік жағдайына және көші қон мәселесіне әсері» туралы баяндап өтті.

Өз кезегінде Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы Айтқұлов Дастан Асқарұлы «42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу шарттары және өтініш берудің нақты алгоритмдері», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жәрдемақы түрлері» тақырыптарында сөз қозғады.

Аталған видеоконференцияға қатысушы қандастарымыз «ҚР азаматтығын алмаған, қандас мәртебесі бар этникалық қазақтар, сонымен қатар шетелден ҚР оқуға келген қандастарымыздың аталған әлеуметтік бағдарламаларға қатысу талаптары» бойынша сұрақтарын қойып, мәселелерімен бөлісті.

Онлайн өткен жиынға 50-ге жуық қандасымыз қатысты. Сондай-ақ, қандастарды барынша көбірек қамту мақсатында видеоконференция instagram, facebook сияқты әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Тікелей эфир видеосы: https://web.facebook.com/OtandastarQory/videos

«Карантиндік шектеулерге байланысты берілетін әлеуметтік төлемді алу шарттары» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды