Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ынталы шетелдік қандастармен онлайн кездесу өтті

21 Шілде, 2020

Бүгін «Отандастар қорының» Бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-ның Кредиттеу департаментінің директоры Армат Байзаков және Ресей Федерациясы Самара облысындағы «Агро Альянс» компаниясы директоры, қандасымыз Амрхан Мешеров қатысуымен онлайн кездесу өтті. Жиын «ҚР ауылшаруашылығы саласына инвестиция құюға ынталы шетелдік қандастарды қолдау шаралары» тақырыбына арналды.

Конференция барасында Амрхан Мешеров өзінің ғылыми агроном екенін айтып, өзінің мол тәжірибесімен қазақстандық мамандармен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Батыс Қазақстанда агроөнеркәсіпке арналған зерттелген алаңдарды көрсетіп, сол жерлерде арналған бизнес бастамалармен таныстырды.

Өз кезегінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-ның Кредиттеу департаментінің директоры Армат Байзаков агроөнеркәсіп саласындағы бағдарламалармен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда бизнес бастау үшін қандай өкілетті органдарға барып, қандай құжаттар қажет жинап, оларды қалай рәсімдеу керек екенін айтып берді.

«Отандастар қорының» мамандары Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Қазақстан және Беларусь арасындағы қабылданған кедендік келесім негізінде ҚР аймағында резидент ретінде қалай жеке кәсіп ашуды және резидент мәртебесін алу тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Онлайн өткен жиын соңында «Агро Альянс» компаниясының директоры, қандасымыз Амрхан Мешеровқа барлық бизнес жобаларының Қазақстан заңына сәйкес жасалуына көмек көрсету бойынша келісім жасалды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ынталы шетелдік қандастармен онлайн кездесу өтті