1-17 шілде аралығындағы Фронт-офистер жұмысы

18 Шілде, 2020

Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастыруда.

Осы орайда 1-17 шілде аралығында аймақтардағы Фронт-офистерге 116 қандастарымыз хабарласып, өзіне керек ақпаратты толыққанды алуда. Олар жиі қойған сұрақтар тізімінде жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, құжаттандыру, ҚР азаматтық алу, ықтиярхат мәселесі, сондай-ақ білім алуға қатысты сауалдар болды.

Еске сала кетейік, қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің 10 аймағында орналасқан Фронт-офситерге жүгіне алады. Сондай-ақ еліміздегі қандастар мен шетелде тұратын қазақтар өз сұрақтарын 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) нөміріндегі Байланыс-орталығына хабарласып, қоя алады.

1-17 шілде аралығындағы Фронт-офистер жұмысы