«Kazakh TV» «Turksat» жерсерігі арқылы ақпарат тарата бастады

14 Тамыз, 2019

«Кazakh TV» Қазақстанның ұлттық жерсеріктік телеарнасы енді «Turksat» жерсерігі арқылы да қолжетімді болды. «Хабар» Агенттігі әлемнің жетекші жерсеріктік операторларының бірімен ақпарат тарату жөнінде келісімге тұрды. 9 тамыздан «Turksat» жерсерігі арқылы «Кazakh TV» арнасының көрсетілімдері көрерменге жол тарты.

Осылайша, Қазақстанның ақпараттық-танымдық ұлтық арнасы Түркия елі аумағындағы жерсеріктік телеөнімнің 20 миллиондық аудиториясына өз жаңалықтарын таратуға қол жеткізді.

Айта кетейік, «Turksat» оталмыш мемлекеттегі еңі ірі операторлардың бірі болып саналады. Компанияның телекоммуникациялық қызметтерінің географиялық ауқымы кең, ол Азия мен Африка кеңістігін толықтай қамтиды.

 


«Kazakh TV» «Turksat» жерсерігі арқылы ақпарат тарата бастады