«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің І отырысының хаттамасынан үзінді

19 Маусым, 2019

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің І отырысының ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

2019 жылғы 19 маусым, Сағат 16.00

Қатысқандар:

ҚР Ақпарат және қоғамдық  даму вице-министрі – М.Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Қ.Лама Шариф, «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның (әрі қарай - Қоғам) және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-ның қызметкерлері, Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері (тізім бойынша)

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Отандастар қоры» қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің міндеттері туралы - «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президенті                        Н. Әбіқаевтың алғы сөзі;
  2. Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрамын бекіту;
  3. Ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасын сайлау;
  4.  «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасымен таныстыру - «Отандастар қоры» КЕАҚ вице–президенті М. Сарбасовтың баяндамасы;
  5. Ғылыми-сараптамалық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау.

_______________________________________________________________

Ғылыми-сараптамалық кеңестің (әрі қарай - Кеңес) алғашқы отырысын ашқан «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның Президенті Нұртай Абықаев  өз сөзінде: - «Диаспоралық саясат мәселелерін шешу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған Кеңес - Қоғам қызметін қамтамасыз етудегі ғылыми-кеңестік функцияларды атқаратын жұмысшы орган болып табылады. Шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасап, олармен мәдени-гуманитарлық және ақпараттық-үйлестіру байланыстарын қамтамасыз етіп, шетелдегі және отанына көшіп келген қандастарымызды қолдау мәселелерін бірлесіп қарастыруға Сіздерді шақырамын» - деді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес, құрамы бекітіліп, Кеңес төрағасы болып, бір ауыздан ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы сайланды.

Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету мәселесі - Кеңес отырысының арқауы болды.

Кеңес мүшелері Отандастар қоры тарапынан дайындалған «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасын талқылады және ұсыныстар енгізді. Заң жобасының тұжырымдамасы әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы үрдістерге, жинақталған тәжірибеге және қазақ мемлекетінің және қоғамының жақын және алыс болашағы туралы ғылыми, түбегейлі идеяларға негізделіп әзірленген. 

Кеңес отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар тыңдалып, хаттамаға енгізілді.

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің І отырысының хаттамасынан үзінді