Жастар. Мүмкіндік. Болашақ.
«Арман ет. Мақсат қой. Әрекет ет. Нәтижеге жет»
Отандастар қоры мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастыратын жастарға арналған мотивациялық форум.
«Сен Қазақстанға жай ғана оқуға келген жоқсың.
Сен — Қазақстанның жаңа толқынысың!»
Форум сізге не береді
Жаңа мүмкіндіктер
Жұмыс, тағылымдама, даму және жаңа жобаларға жол.
Пайдалы байланыстар
Жаңа таныстықтар, кәсіби орта және тәжірибелі мамандармен networking.
Сіздің ұсынысыңыз естіледі
Өз идеяңызбен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіруге мүмкіндік.
Форумның үш ерекше мүмкіндігі
«Мүмкіндік жәшігі»
Жұмыс, тағылымдама, менторлық және кәсіби даму бойынша нақты мүмкіндіктер.
Жаңа орта
Қызығушылықтары ортақ жастармен, сарапшылармен және кәсіби орта өкілдерімен танысу.
Өз ұсынысыңды бер
Өз идеяңды, жобаңа немесе ұсынысыңа қатысты ойыңды ортаға салып, оны жүзеге асыруға қолдау алу.
3 қадам — тіркеліп қойыңыз
Форманы толтырыңыз
Төмендегі тіркелу формасын толтырыңыз, бұл небәрі 2 минут алады.
Растау алыңыз
Тіркелу расталғаны туралы хабарлама аласыз.
Форумға келіңіз
Форум күні өзіңізбен бірге жеке басыңызды растайтын құжатты алып келіңіз.
Форумда сөз сөйлейді

Ырысбек Мәуіт
Білім — тек диплом емес, ол адамның өзін өзгертуі және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы туралы.

Сырымбек Тау
Мақсат қою, тәртіп, еңбек және қиындықтарды жеңу арқылы нәтижеге жету жолы.

Лариса Алдаберген
Тұлғалық даму, көшбасшылық, жауапкершілік және дұрыс орта қалыптастыру туралы.



Дидар Құрманәлиев, Бақбол Адуын, Салтанат Жұмакелдіұлы
Жас кәсіпкердің алғашқы қадамдары, қиындықтарды еңсеру, кәсіби байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерді пайдалану туралы.
Форум күні не болады
Тіркеу және networking
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 208 зал алдында қатысушыларды тіркеу, сондай-ақ oq.gov.kz сайтында алдын ала онлайн тіркелу. LED экранда Отандастар қоры және спикерлер туралы бейнероликтер.
Форумның ашылуы
Жүргізушінің кіріспе сөзі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының, Отандастар қоры басшысының және ҚР СІМ өкілінің құттықтау сөздері.
«Арманнан нәтижеге дейін»
Мотивациялық сессия — спикер Сырымбек Тау. Білімнің құндылығы, өзін-өзі дамыту, ұлттық құндылықтар және жастардың бәсекеге қабілеттілігі. Сонымен қатар — жеке консультация және тәлімгерлік қолдау.
«Білім. Құндылық. Болашақ»
Мотивациялық сессия — спикер Ырысбек Мәуіт. Білімнің адам өміріндегі орны, жастардың рухани дамуы және жаңа идеяны іске асыру. Сонымен қатар — жеке консультация және тәлімгерлік қолдау.
«Өзіңді дамыту — өз болашағыңды қалыптастыру»
Мотивациялық сессия — спикер Лариса Алдабергенова. Тұлғалық даму, көшбасшылық, жауапкершілік және дұрыс орта қалыптастыру.
«Жас кәсіпкер жолы: идеядан іске дейін»
Мотивациялық сессия — спикер Салтанат Жұмакелдіұлы. Жас кәсіпкердің тәжірибесі, алғашқы қадамдар, қиындықтарды еңсеру, кәсіби байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерді пайдалану.
Ашық пікірталас
Барлық спикерлердің қатысуымен ашық диалог, модератордың және залдан келген сұрақтарға жауап беру.
Қорытынды
Отандастар қоры басшысының қорытынды сөзі, «OQ-startup» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау және «Мүмкіндік жәшігі» жобасы аясында жиналған сыйлықтарды жеребе арқылы ойнату.
Кофе-брейк
«Бір кофе. Бір таныстық. Бір мүмкіндік.»
~500 қандас студент, 11 жоғары оқу орны
Жиі қойылатын сұрақтар
Қатысу үшін ақы төлеу керек пе?
Жоқ, форумға қатысу толығымен тегін.
Форумға тек студенттер ғана қатыса ала ма?
Жоқ, форум студенттерге де, жас мамандарға, кәсіпкерлерге ашық.
Шетелден келе алмасам ше?
Форумның кейбір бөліктері онлайн трансляцияда болуы мүмкін — жаңалықтарды Telegram-каналдан бақылап отырыңыз.
Идеямды форумнан кейін де жіберуге бола ма?
Иә, тіркелу формасындағы «Идеялар» өрісі арқылы немесе форум кезінде QR-код арқылы кез келген уақытта.