Нұртай ӘБІҚАЕВ

Отандастар Қорының президенті

Өмірбаян

1947 жылдың 15 мамырында Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын (Свердловск қаласы) қазір Екатеринбург), Алматы жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономикалық ғылымдар докторы.

Еңбек жолын 1972 жылы Алматы ауыр машинажасау зауытында аға инженерліктен бастап, 1976 жылға дейін бас конструктор бөлімінің инженер-конструкторы болды. 1976 жылы Әуезов аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім басқарушысы болып тағайындалды. Бұл қызметті 1980 жылға дейін атқарып, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан компартиясы Орталық комитеті хатшысының көмекшілігіне тағайындалды. 1984 - 1985 және 1988 - 1989 жылдары Қазақ КСР министрлер Кеңесі төрағасының көмекшісі, 1985-1988 жылдары Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 - 1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті бірінші хатшысының көмекшісі болып тағайындалып, 1990 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында Қазақ КСР президенті кеңсесінің (аппаратының) бастығы қызметіне кіріседі.

1991-1994 жылдары ҚР президентінің аппараты мен министрлер кабинетінің басшысы қызметінде болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 1996 жылы ҚР Швеция, Норвегия және Ирландияғы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.

1996 - 1998 жылдары ҚР Президентінің бірінші көмекшісі болып тағайындалды.

1998 - 1999 жылдар ҚР ұлттық қауіпсіздік Комитетінің төрағасы;

2000-2002 жылдар ҚР сыртқы істерінің бірінші вице-министрі;

2002-2004 жылдар ҚР президенті әкімшілігінің басшысы;

2007 - 2008 жылдар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі;

2008 – 2019 жылдар Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары;

2010 жылдың тамызы мен 2015 жылдың 25 желтоқсаны аралығында ҚР ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының міндетін атқарды;

2015 жылдың 25 желтоқсанынан 2017 жылдың 13 шілдесіне дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

2018 жылдан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Президенті.

Кері байланыс

Записаться