ТҰРЫСБЕКОВ Зауытбек Қауысбекұлы

Отандастар қорының тәуелсіз директоры – Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы Төрағасының Бірінші орынбасары

Өмірбаян

1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састөбе кентінде дүниеге келген. Әкесі Қауысбек Тұрысбеков (1924-1977 Ұлы Отан Соғысына қатысқан, 1969-1977 жылдар аралығында Шымкент облысы Шардара аудандық пария комитетінің бірінші хатшысы болған. Анасы Жұпар Мәдуанова.

1973 жылы Қазақ химия-технология институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша бітірді. Оқу бітірген соң сол институтта оқытушы болып істеді, қосымша институт комсомол комитеті хатшысының міндетін атқарды.

1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО (лениндік-комсомолдық жастар одағы) Шымкент облыстық комитеті «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы.

1979—1980 жылдар Түлкібас аудандық ЛКЖО Бірінші хатшысы.

1980—1985 жылдар —Түлкібас аудандық партия комитетінің Екінші хатшысы. 1985 жылы Алматы жоғары партия мектебін сырттай бітіреді.

1985 - 1990 жылдар — Түлкібас аудандық халық депутаттары атқару комитетінің Төрағасы.

1990 - 1992 жылдар — Түлкібас аудандық партия комитетінің Бірінші хатшысы, аудандық кеңес төрағасы, одан кейін Түлкібас ауданы әкімшілігінің басшысы.

1992 - 1993 жылдар— Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыс әкімшілігі басшысының орынбасары.

1993 жылдың мамыр-желтоқсаны — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

1993 жылдың шілдесінен — ҚР Жоғарғы Кеңесі ХІІ шақырылымының депутаты.

1993 жылдың желтоқсаны - 1997 жылдың желтоқсаны — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1997 жылдың желтоқсаны - 1999 жылдың қаңтары — ҚР көші-қон және демография Агенттігінің Төрағасы.

1999 жылдың қаңтарынан ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары — ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2000 жылдың тамызында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағалығына тағайындалды.

2003 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен ішкі істер Министрі болып тағайындалды.

2005 жылдың 14 қазанынан бастап қайтадан мемлекеттік қызмет істері Агенттігін басқарды.

2007 жылдың 14 қарашасында мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы қызметінен босатылып, Қазақстан Респубикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

14 августа 2009 жылдың 14 тамызында мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Респубикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың 28 сәуірінде мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Респубикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың 28 қарашасында мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Респубикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болып тағайындалды.

2015 жылдың желтоқсанынан «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың маусымында қазақтардың Дүниежізілік қауымдастығы төрағасының Бірінші орынбасарлығына тағайындалды.

«Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры.

Кері байланыс

Записаться