НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы-Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Төрағасы

Өмірбаян

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған (қазіргі ҚР Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы) ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы зауыт-жоғары техникалық оқу орнын (ВТУЗ) бітірген. Экономикалық ғылымдар докторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Алдыңғы қатарлы шет ел және отандық университеттердің құрметті профессоры және құрметті докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалар авторы.

1960 пен 1969 жылдар аралығында Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеген. 1969 жылдан 1979 жылға дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласында және Қарағанды облыстық партия комитетінде партия, комсомол жұмысында болды.

1979-1984 жылдар – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдар Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989-1991 жылдар – Қазақстан Компартиясы ОрталықКомитетінің бірінші хатшысы. Осымен бір мезгілде 1990 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін –Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы.

Қазақстан Республикасын ол құрылған 1991 жылдан бастап, алғаш рет 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бұқаралық сайлау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті болған кезден бері басқарады.

Соңғы 2015 жылдың 15 сәуірінде өткен кезектен тыс Президенттікке сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске жетті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» 2019 жыл 19 наурыздағы №887 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 20 наурызында тоқтатылды.

«Қазақстанның құрыш кескіні», «Ақиқаттың ақ жолы», «Ресурс сақтау және нарыққа өту стратегиясы», «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы», «Қоғамның идеялық бірігуі Қазақстан өрлеуінің шарттары ретінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан-2030. Бүкіл қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және дәулетінің артуы», «Тарих толқынында», «Қоғамның өзгеруі және еуразиялық өркениеттің жаңару стратегиясы», «Әлем эпицентрі», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстандық жол», «Постиндустриалдық қоғам мен өркениет серіктестігінің қалыптасу стратегиясы», «Ғаламдық қоғамдастық және серіктестік өркениетінің түбегейлі жаңару стратегиясы», «Қазақстан-2050» стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және басқа да кітаптардың авторы.

Көптеген кеңестік, қазақстандық, шетелдік орден және медалдармен марапатталған.

Кері байланыс

Записаться